Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сарбаздың парашюті толық ашылмады: Қорғаныс министрлігі апатты қону жайлы айтып берді

Маңғыстау облысында жауынгерлік даярлық барысында сарбаздардың бірінің парашюты ашылмай қалды. Ол қазір ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады. Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді. Қосалқы парашютті пайдаланбау салдарынан жерге қатты түсті", - делінген министрлік ақпаратында.

Зардап шеккен сарбазға бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел түрде жеткізілген.

"8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр. Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалды. Әскери қызметшілермен секіруді орындау алдында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқиғаның себептерін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Тамыз, 2020 13:19
Талқылау