Ақтауда нөсер жауыннан соң көшелерді су басты
Ақтауда түнде жауған нөсерлі жаңбыр салдарынан көшені су басқан. Қазірге дейін қала көшелерінен 19 398 текше метр су шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, 13-ші шағын ауданда үйдің алдындағы ағаш тоқтап тұрған көлікке құлағаны белгілі болды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жауған жауын-шашынға байланысты "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. Көшелерден су соруға 15 жұмысшы шығып, олар бес мотопомпа, бір қазандық, бір газель көлігін пайдаланған.
Су тарту жұмыстары күндіз де жалғасты. Оқиға орнында "Қала жолдары" ЖШС мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 55 қызметкері жұмыс істеуде. 14 мотопомпа, үш қазандық және үш газель тартылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”