Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)
Ақтаудағы 10 қабатты Otyrar City тұрғынүй кешеніндегі пәтердің сыртқы қаптауы өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше тұрғын үйден 60 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдай бүгін сағат 6:18 шамасында болған.
“Өрт сөндірушілер келгенше 60 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. 2100 шаршы метрді шарпыған өрт толығымен сөндірілді”, – делінген хабарламада.
Құтқарушылар қызыл жалынды 16 минут ішінде ауыздықтады.
Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кеткен еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі