Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ер адам мен әйелдің ұрысы видеоға түсіп қалды

Ақтауда ер адам мен әйел ұрыс шығарды. Оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Кадрларда ер адамның әйелді қалай шашынан ұстап, оны қолымен ұрғанын көруге болады. Айналасындағы адамдар оларды ажыратуға тырысады. Нәтижесінде әйел ер адамның қолынан қашып үлгерген.

Қалалық полиция ешкімнен арыз түспегенін және облыстық ауруханаға ешкім бармағанын атап өтті.

Учаскелік полиция инспекторлары жанжалға қатысушыларды анықтады. Әйел мен еркек бірге тұратын адамдар болып шықты. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Сәуір, 2021 06:53
Талқылау