Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ер адам мас күйде бөтеннің пәтеріне кірмек болған (видео)

Ақтауда шағынауданФото: Видеодан скрин

Ақтауда ер адам бөтен пәтерге пышақ ұстап кірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 13 қазан күні кешкі уақытта 8-шағынауданда болған. Ер адамның әрекетін тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары байқап қалған. 

Айтуларынша, азамат №22 үйдің үшінші қабатына кондиционердің сыртқы блоктарына сүйеніп көтерілген. Қырағы тұрғындар жағдайдың алдын алып үлгерген.

"8-шағынаудан, №22 үйде осындай жағдай болды. Ер адам терезеден кіруге тырысты, қолында пышақ болды. Иттердің үргені жақсы болды, әйтпесе не істемек болғаны белгісіз. Полициядан шара қолдануды сұраймыз", – деді оқиға куәгерлері.

Тұрғындар күдікті азаматты видеоға түсіріп алған. Олар ер адамның бұл үйлерде тұрмайтынын айтты.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1991 жылы туған ер адам қолға түсіп, шара қолданылды.


Арқалықта нейрохирург мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді


Алматы әуежайында мас күйде шу шығарып, жазадан құтылып кеткен прокурор айыппұл арқалады


“Ер адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, құқық бұзушы оқиға кезінде мас күйінде болған.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай ауруханасының бас дәрігері көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қамауға алынғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 10:02
Талқылау