Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 160 отбасы үш жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр

Ақтауда 160-тан астам отбасы үш жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр. Бастапқыда құрылыс компаниясы пандемияның басталғанын алға тартса, кейін ақша жоқ екенін айтқан. Ал пәтер құрылысы аяқталған соң, коммуникацияның жүргізілмегені белгілі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

үй ала алмай жүр

"Керуен" тұрғын үй кешенінде пәтерлер кілті 2019 жылы табысталуы тиіс болған. Алайда миллиондаған қаржыларын құйған азаматтар үш жылдан бері пәтерлеріне кіре алмай келеді. Көпқабатты үйдің құрылысы аяқталғанымен, жөндеу жұмыстарын жүргізе алмай отыр. 

"Құрылыс компаниясы бізде материалдық және моральдық шығын келтірді. Мұнда жарық та, жылу мен су да жоқ. Адамдар 150 мың теңгеге де келісті. Қазір өздері пәтер жалдап тұруға мәжбүр", – деді Ақтау тұрғыны Гүлнұр Тарғынова. 

Құрылыс компаниясы өкілдерінің сөзінше, қосымша 150 мың теңгені коммуналдық қызмет үшін сұратқан. Ал қайта есептеуден соң ақша қайтарылады дейді. 

"Жылу желісі жүргізілді, басқалары ресми рұқсаттан кейін жүргізіледі. Құжат жылу мен жарық берілген соң дайын болады. Техникалық паспорт 4-6 ай ішінде дайындалады. Пәтерлер қолданысқа берілген соң газ жүргізіледі", – деп мәлімдеді құрылыс компаниясының бас директоры Ербол Орынбаев. 

Құрылыс компаниясы үлескерлердің алдында бірнеше рет есеп бергендерін айтады. Сондай-ақ Ақтауда қаржылық қиындықтарға байланысты екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап қалған. 

Талқылау