Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны электр бағанына асылып өлмек болды

Ақтау тұрғыны электр бағанына асылып өлмек болды. Ол бағаның жоғарғы жағына – шамамен 10 метр биіктікке көтерілген. Тіпті мойынға арқан іліп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Ер адамның бағанда қанша уақыт тұрғаны белгісіз. Бірақ оның әрекеті куәгерлердің назарын аударды және олар полиция шақырды

Бірнеше минуттың ішінде екі учаскелік полиция қызметкері бағанаға көтеріліп, өзіне қол жұмсамақ болған азаматты тоқтатты.

Ер адам учаскеде жеке мәселелеріне байланысты өзін өлтірмек болғанын айтты. 

Дегенмен ол өзін құтқарып алған полицейлерге алғысын айтты.

Гүлдана Қазтай
Сәрсенбі, 28 Сәуір, 2021 09:58
Талқылау