Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгендерін мәлімдеді
Ақтау қаласының тұрғындары Каспий теңізінде жер сілкінісін сезгендерін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 10:15:40-та жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 2289 шақырым жерде, Әзірбайжан аумағында, Каспий теңізінде орналасқан. Магнитудасы MPV 5.7.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда және 24 қыркүйекте Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ