Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымдануда

Ақтау қаласының тұрғындары бір айға жуық уақыттан бері қаладағы жағымсыз иіске шағымдануда. Экологиялық мониторинг әсіресе кешке қарай одан сайын күшейе түсітін жағымсыз иістің  қала сыртындағы иесіз жатқан қоқыс полигонынан шығып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша бұл жағымсыз иіс жыл сайын әсіресе жаз айларында қатты шыға бастайды. Қалада күндізгі ыстықтан шаршаған жұрт кешке қарай самал желмен тыныстағысы келсе де жағымсыз иіс кедергі келтіруде. Тіпті кешке терезені ашу да мүмкін емес. Бұл иіс тек қала тұрғындарының ғана емес сонымен қатар жақын арада орныласқан Мұнайлы ауданының да мазасын алуда. 

Экологтар көптеген шағымдардан соң мониторинг жүргізіп ауа құрамын зерттеді. Ауадан қауіпті зат табылмады. Дегенмен иістің қаладан 5 киллометр жерде орналасқан қосқыс полигонынан шығып жатқаны анықталды. Мамандар кешке бұл жерден қара металдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп, қоқыс ақтарылғандықтан түрлі жағымсыз иістер тарайтынын жеткізді.



“Бұл полигонда өңдеу жүреді. Сондықтанда айналасындағы жерлер қазылған, әлі де қазылып жатыр. Оның үстіне күн қатты ыстық болған соң қосыс қалдықтары еріп, жел арқылы олардың иістері тарауда”,- деді экология департаментінің бөлім басшысы Гүлім Ұлықпанова.

Мамандар қоқыс аймағындағы зерттеу жұмыстары біткен соң тиісті шаралар қолданылатынын айтты. Қазір полигон аймағына күзетшілер қою ұсынылуда. 

Талқылау