Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаларын қайда жұмсарын білмей жүр": 166 млн теңгеге салынған жер үсті өткелі қостанайлықтарды ашуландырды

Қостанай тұрғындары жаңа жер үсті өткелінің құнына наразы. Оған бюджеттен 166 миллион теңге жұмсалған. Құрылыс екі жаңа шағын ауданның арасында салынған. Бірақ қала тұрғындары бұл ақшаны ысырап ету екеніне сенімді. Өйткені, қалада осындай қараусыз қалған жер үсті жолы бар. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

переход

Әңгімеге арқау болған жер үсті өткелі 4 қатар тас жолдың бойына салынған. Соңғы жылдары мұнда автокөліктер жиі жүреді. Көпір салынғанға дейін адамдар жаяу жүргіншілер жолымен өтіп жүрген. Алайда, машиналардың көптігінен жолды кесіп өту қауіпті болады.

Әкімдігі жер үсті өткелін салу кезінде осы аргументтерді негізге алды. Құрылыс өткен жылдың тамыз айында басталған. Оған бюджеттен 166 миллион теңге бөлінген. Бағаны естіген тұрғындар наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, ақша тым көп жұмсалған.

"Артық ақша жұмсалған деп ойлаймын. Қарап тұрсаң органикалық шыны сияқты, бірақ соншалықты қымбат емес. Конструкциясы бар, оны қаптап қойған. Менің ойымша, мұны 2 есе арзанға да салуға болар еді", - деді қоғам белсенді Алдан Менкеев.

Белсенді бір көпірге осыншама ақшаның кеткеніне, ал қаланың кейбір жерлерінде бағдаршамдардың істемейтініне наразы. Ал әзірге жер үсті өткеліне сұраныс жоқ.

"Ақшаларын қайда жұмсарын білмей жүрген шығар. Кім өтіп жатыр, ешкім өтпейді", "Дұрыс емес. Менің ойымша, көбі осы ойға қосылады. Ақшаны бекерге шашу", - дейді қала тұрғындары.

Тұрғындарыдың көбі жаңадан салынған көпір қала аумағында екі жыл салынған жер үсті өткелі сияқты қолданусыз қалады деп ойлайды. Ескі көпірді салуға 40 млн теңге кеткен. Көлік көп жүрмейтін жерде салынған өткелген гөрі адамдарға жолды кесіп өткен ыңғайлы, ал мүгедектерге арналған лифт мүлдем істемейді.

Ал әкімдік жаңа жер үсті өткелінің тұрғындардың қауіпсіздігі үшін салынғаны атап өтті. Ал бағасына келсек, бұдан да жоғары ұсыныстар болған екен.

"Жол апатын болдырмас үшін. Жер асты өткеліне келсек, ол қымбатқа шығады", - дейді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі секторының меңгерушісі Нұралы Есергепов.

Осы айдың соңында, құрылыс толық аяқталған соң зебраны алып тастайды. Ал тұрғындарда басқа амал қалмайды. Мүгедектер үшін көтерме баспалдақ алғашқы күннен бастап жұмыс істейді. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 09:35
Талқылау