Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша жымқырды деп айыпталған: Маңғыстау спорт басқармасының басшысы ақталып, қызметіне қайта оралды

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев сот үкімі бойынша ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қанат Жұмабаев Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметін жалғастырады. 

"Қанат Жұмабаев ресми түрде 2023 жылдың 19 шілдесінде жұмысқа оралды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тергеу әрекеттері мен сот процесі кезінде облыс басшысының міндетін дзюдодан әлем чемпионы Айбек Имашев атқарды.

Қанат Жұмабаев 2022 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезде жұмыс орнында ұсталған. Дереккөздің хабарлауынша, шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінген.

Мамыр айының соңында Ақтау соты Қанат Жұмабаевқа ақтау үкімін шығарды.

Талқылау