AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша сұрауы жиілеген": Шымкент коледжінде көз жұмған сутдентке қатысты жаңа деректер белгілі болды

Шымкентте жатақханада мерт болған студенттің жақындары Манап Өтебаев колледжінде шу шығарды. Марқұмның туыстары Нұрхат Дүйсен оқуға түскен күннен бастап жиі ақша сұйрай бастағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

20 күн бұрын ғана оқуға аттанған жігіт ауылға қайтқысы келетінін жасырмаған. Оған қоса, ата-анасынан қайта-қайта ақша сұраған көрінеді.

Сондықтан марқұмның туыстары 15 жастағы балаға бас-көз бола алмады деп колледж басшыларын жауапқа тартуды талап етуде. Тіпті оны ұрған жоғарғы курс студенттерінің аты-жөні анық болса да, күдікті ретінде танылмағаны күдік келтіреді дейді қара жамылғандар.

Түлкібаста 9-сыныпты бітіре салып Шымкенттегі Манап Өтебаев колледжіне оқуға келген Нұрхат Дүйсеннің мәйіті жатақханадан шықты. Кеше ғана 15 жастағы ұлды жер қойнына тапсырған ет жақындары бүгін екі күннен бері кешірім сұрамақ түгілі, қоңырау соқпаған колледжге басып кірді.

“Қайда директор? Неге тымырайып тұрсыз?! Мал бағып жүрсіз бе?Директордың орынбасары, неге жауап бермейсіз?” – деп шу шығарды марқұмның туыстары.

Нұрхаттың туыстары жатақханаға жауаптылар мен студенттің кураторларын іздеген. Директорды таппаған ола, жеткіншектің кураторымен тартысты.

“Сенің алдыңа кеп сабыр сұраймын ба? Айуан! Маған не болды, не жағдаймен келдің дейді”, – дейді студенттің туыстары.

Нұрхат отбасындағы төрт қыздың ішіндегі жалғыз ұл болған. Анасының айтуынша, қыркүйектің бірінен бастап Шымкентке оқуға кеткен шәкірт үздіксіз ақша сұраумен болыпты. Сондықтан оған колледжбен жатақханада әлімжеттік көрсетілген дейді.

“Нұрхат жанжақтан ақша сұрай бастаған. Туыстарынан, әпкелерінен сұраған. Енді олардың бәрі қиналып жатыр деп, бере берген. Сол, бұдан ақша талап еткен. Қорқытқан. Оны бізге айтуға қорыққан. Бірақ менің өзіме айтты: "Мама, мен қиналып кеттім, қиналсам да, мен еркекпін ғой, шыдаймын, сол оқуды бітіріп шығамын" деп, сөйтіп айтып уәде берді”, – дейді марқұмның анасы Айжан Қашағанова.

Бірақ ашулы топтың сауалына оқу орындарынан жауап берер бір адам табылмады. Есесіне колледжге білім басқармасының басшысы келді. Жанат Тәжиева қазір 15 адамнан тұратын арнайы комиссия құрылып зерделеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтады.

“Өз ісіне жауаппен қарамағаны үшін, тиісті тұлғалар басшылықтың бақылау жұмысын өз дәрежесінде жүргізе алмағаны үшін бірінші басшы қатаң жауапкершілікке, жұмыс орнын босатқанға дейінгі қатаң жауапқа тартылатын болады”, – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Аманат еткен баланы аман алып қала алмағандардан бөлек, туыстары полицейлердің селқостығына да наразы. Себебі, қайғылы жағдай болғанына екі күн өтсе де, жатақхана ішіндегі камералар әлі қаралмапты. Тіпті күдіктілер белгілі болса да, ешкімге айып тағылмады деп отыр.

“Үшеуі ертіп кетіп бара жатқанда тоқтап, қара жігіт бар, кішірек келген, тоқтап, артына бұрылып, ішінен бір ұрып едім деді. Сол кезде бала еңкейіп қалған. Екінші біреуі тағы бір ұрған. Содан құлады деді. Содан аузы көпіршіп қалған еді. Екі бала ұрды, құлады, тұншығып өлді деп, балалар мойындап тұр. Мейірбике мойындап тұр. Мына жерде күдікті деп ешкімді танымаған. Ешкімді қамаған. Сол кезде бала өздігінен тұншыққан, ауруы жоқ бала, тұншығып өлді деп мойындап тұрған нәрсені ешкім қамалмаған, ешкім! Күдікті жоқ”, – дейді Нұрхаттың туысы Рахман Өзенбаев.

Полицейлер сот-медициналық сараптама тағайындалып, бір баппен қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Бірақ марқұмның туыстары сараптама қорытындысы өзгеріп кете ме деп қорқады. Сондықтан Бас прокуратура қатаң бақылауға алса дейді. Және Нұрхат оқыған колледждің басшысы мен орынбасарларын жұмыстан босатып жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкент коледждерінің бірінің жатқанасында 1 курс студенті көз жұмды. Деректер бойынша жігіт соққы салдарын көтере алмай, мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр