"Ақша шашудың амалы": Роза Әлқожаның күміс тойы халыққа жақпай қалды
Фото: Видеодан скриншот
Желіде Роза Әлқожа жолдасымен бірге шаңырақ көтерген 25 жылдық күміс тойларын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қалыңдық көйлегін киіп, жақындарының басын қосты.
“Аллаға мың да бір шүкір. Көптен күткен тойымыз басталды. Бүгін біздің отау құрғанымызға 25 жыл толды. Ұлым мен қызым той төріне әндерімен алып шықты. Құттықтап келген барша жандарға алғысым шексіз”, – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушылары балаларының алды үйленіп жатқанда той жасауды ерсі деп бағалады.
“Адамдар неше түрлісін шығара береді”, “6 баласына 6 үй алып бермей ме, той жасағаны несі?!”, “Ысырап болған қажетсіз дүние”, “Ақша шашудың амалы”, “Ата-бабамыз мындай той жасамаған”, “Фата киіп алғаны түсініксіз, кезінде кимеген бе?", "Түк мән-мағынасы жоқ", "Келін, немересі бар адамның ісі емес", "Жасына сай әрекет етпеді", –деп халық қатаң сынады.
Еске салайық, әнші тойын онлайн көруге болатынын айтқан еді.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
