50 мың теңге беріп, қыздарды елдің көзінше шешіндергендер ақыры жазасыз қалмады! Алматы соты түнгі клубтағы ұятсыз шоуды ұйымдастырған атышулы Айжан Байзақованы 3 тәулікке абақтыға жапқан. 22 жастағы “әлеуметтік желі жұлдызының” масқара әрекеті сол әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың ашуын туғызған болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.
Ақша ұсынып, қыздарды тыр-жалаңаш шешіндірген қылығы үшін Байзақоваға әкімшілік хаттама толтырылып, қолына кісен салынған. Тентек қыз кінәсін де толық мойындапты.
Айта кетейік, Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі белсенді блогерлердің бірі. Ол парақшасына жалаңаш суреттер жүктеп, тікелей эфирде түрлі әдепсіз қылықтар жасауымен танымал. Жалаңаштанғанымен қоймай жас қыз оқырмандарының алдында шылым шегіп, ішімдік ішуден де тайынбайды. Соның арқасында парақшасындағы оқырмандар күн санап көбеюде. Басым бөлігі жастар. Қазақы менталитетті жоямын деп тәнін көрсетіп, ойына келгенін жасап жүрген Байзақова енді 3 күнін қамауда өткізеді.
Жіберіп алмаңыз:
Жаңа жыл ұлттық мерекеміз емес: қазақстандықтар не себепті Жаңа жыл мерекесін тойлаудан бас тартты
Назерке Әріптің туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
Маңғыстауда екі қолынан айырылған балаға пәтер берілді
Полицейлер жұмыс арасында құстар сайрап тұрған бөлмеде, арнайы кереуетте ұйықтап алатын болды