Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жүрген қазақ жігіті отандастарына шетелге кетуге кеңес берді

Бүгінгі таңда АҚШ-та жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат елден кетіп, жастарға өз болашағын құрастыруға кеңес берді.

image

Фото: facebook.com/Timurid1?fref=ts

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Темір Хан есімді қазақстандық азамат 2007 жылы ҚазҰУ-дің “Халықаралық қатынастар” мамандығына оқуға түскен. Аталған ЖОО-ның бірінші курсында АҚШ-қа барып, уақытша жұмыс істеген. Артынша елге қайтып келіп, оқуын тәмамдаған.

Қолына дипломын алып қызметке тұрған соң көптеген қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Айына небәрі 65 000 жалақы алады. Бастығымен сөзге келіп, жұмыстан шығуға мәжбүр болады. Арқырында ойлана келе, АҚШ-қа қайта кету туралы шешім қабылдайды.

Бүгінде шетелде тұрып жатқан азамат өзгелерге өз болашағын АҚШ секілді мүмкіндіктері мол мемлекетте құрастыруға кеңес берді.

“ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алдым. 18 жасымнан бастап АҚШ-қа түрлі бағдарламамен бардым. Жалақысы аз болса да, Отаныңа адал қызмет етуің керек деген ұстаныммен жүрдім. АҚШ-та жалақы жоғары, ал Қазақстан – Отаның.  Ұйқысыз түндер өткізіп, экзаменге дайындалдым. СӨЖ жұмыстарын жаздым.

Баға қойдыру үшін кабинеттен-кабинетке жүгіріп, жүйкемді тоздырдым. Балл деп жүріп өзімшіл ағасымақтар отыратын түрлі форумға қатыстым. Сол кездің өзінде “Халық неге шетелге кетіп жатыр?” деп ойладым. Жоқ, мен – патриотпын. Мен қаламын деп шештім.

Менің жиған тиын-тебенімнің 30%-ын құнсыздану жеп қойды. 65 мың жалақы төлейтін жұмысымда әділеттілік болмады. АҚШ пен тәулігіне $150-200 төлейтін жұмысымды сағына бастадым. Бастығыммен ұрысып, жұмыстан кеттім. Артынша пойызға билет алып, Алматыға келдім. Елшілікте сұхбаттан өтіп, Нью-Йоркке ұштым.

Мен осының барлығын ертерек түсінбегенім үшін ғана өкінемін. 90% адам тек өзін ғана ойлайтын Қазақстанда қалудың маңызы жоқ. 18 жасымда АҚШ-та қала беруім керек еді.

Мемлекеттік оқу орындардың қабырғасында өткізген уақытым мен ҚазҰУ-ге төлеген әке-шешемнің ақшасы ішімді күйдіреді. Құр судың ішінде балдай болған бірнеше ұстазыма алғысым шексіз. АҚШ-та қайтадан оқуыма тура келді. Мен еліміздегі университетте білім алудың ешқандай да пайдасы жоқ екенін түсіндім.

Қазақстанда оқып жүрген студенттерге айтарым – өмірлерің мен өз болашақтарыңды құрастырыңдар. Ата-аналарыңнан өзге ешкімге де керек емессіңдер. Олардан зейнетақы қоры туралы сұраңдар да, шешім қабылдаңдар.

Кеш болмай тұрғанда, барлық күдікті шетке ысырып, молшылықта өз өмірлеріңізді құрастырыңыздар. Менің айтар ақылым осы”, – дейді Темір Хан.

Жігіттің бұл жазбасын желі қолданушылары әртүрлі бағалады. Бірі мұны сатқындық пен өзімшілдікке баласа, екіншілері дұрыс шешім екенін айтып қолдай түсті.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды

АҚШ-та ұшақ әуе кемесіндегі жыныстық әрекеттен соң шұғыл түрде қонды

АҚШ-та 38 жастағы мұғалім 15 жастағы оқушымен жыныстық қатынас жасап келген

Анджелина Джоли мен АҚШ мемлекеттік хатшысы ауызашарға қатысты

Талқылау