АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Мәскеуге ұшып келді – БАҚ
Фото: © Anna Moneymaker/ Getty Images
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Мәскеуге келді. Ол Ресей тарапымен Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі nbcnews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Мәскеуге Уиткофф мінген ұшақ қонған болуы мүмкін. Алдыңғы күні кешке Дональд Трамптың арнайы өкілі жиі пайдаланатын бизнес-джет Флорида штатынан ұшып шыққан.
Бірнеше күн бұрын АҚШ-тың НАТО-дағы өкілі Мэттью Уитакер Стивен Уиткофф жексенбі күні Израильден Ресейге келетінін хабарлаған еді.
Уитакер Уиткофф Украина мәселесін реттеуде ілгерілеушілікке қол жеткізеді деп үміт білдірді.
Бұған дейін Дональд Трамп Ақ үйдің өкілі Уиткоффтың Мәскеуге Украинадағы соғысқа байланысты АҚШ енгізуді жоспарлап отырған санкциялар қарсаңында баратынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Трамп АҚШ пен Ресей 6 тамыз күні кездесу өткізетінін, содан кейін санкцияларды күшейту мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайтынын айтты.
Әзірбайжан "Орынбор" атауын қазақша атауды талап етті
Еске салайық, бұған дейін 1 мамырда АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлог Украина бейбіт келісімге келу үшін Ресей оккупациялаған аумақтарды уақытша мойындауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Украина бұл шешімді заңды түрде бекітуге асықпай отыр. Келлогтың айтуынша, АҚШ Лондонда өткен келіссөздерде бейбіт реттеу бойынша 22 шарт ұсынған, олардың бірі аумақ мәселесі. Сонымен қатар Келлог Ресейдің соғыста айтарлықтай жетістікке жетпегенін атап өтті.

"Сүт қосылған шай ішіп, Күнге қарап табынады": Қазақстанда шектеу қойылған "Алля Аят" діни-мистикалық ұйымы ауыл халқын үрейде ұстап отыр
