Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті мен елдегі спортшылар арасында кикілжің пайда болды

Оған президент Трамптың мемлекеттік әнұран ойнап жатқан кезде тізерлеп тұрған спортшыны сынға алуы себеп болған.

Бұл туралы Хабар24.kz басылымы хабарлайды.

Ақ үй басшысының айтуынша, әрбір спортшы Американың рәміздеріне құрмет көрсетуі тиіс. Ал олай етпегендерді алаңнан қуу керек. Алайда елдегі Футбол лигасы мен Баскетбол ассоциациясының өкілдері президенттің пікіріне қарсы шықты. Оларды қоғамдық бірлестіктер де қызу қолдап кеткен. Тіпті әлеуметтік желідегі халықтың пікірі екіге жарылды. Олардың бірі спортшыларды қолдаса, бірі Трампты жақтайды.

“Менің ойымша, әрбір адам өз ұстанымын, көзқарасын ашық айтуға құқылы. Спортшыларды қолдаймын, олар өз ұжымының мүшесі үшін бас көтеріп жатыр. Оған қоса бұл кикілжің оң шешімін таппайтын болса, мен де әнұран кезінде орнымнан тұрмаймын”, – дейді Oakland Raiders командасының жанкүйері Грэи Мэллерсон.

Аталған оқиғаға қатысты спортшылардың жанкүйерлері де пікір білдірді.

“Әрине, президент Трамп қатаң сынға алғанымен, ауыр сөз айтпауы керек еді. Осы ойынды тамашалау үшін ұзақ жол жүріп келдім. Егер спортшылар әнұран кезінде орнынан тұрып, мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетпесе, мен олардың ойынын тамашаламастан шығып кетемін”, – дейді Washington Redskins командасының жанкүйері Кэрол Рейтмиллер.


Жіберіп алмаңыз:

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Желіде бокс бапкерінің төрешіні сабап тастаған видеосы пайда болды (видео)

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Талқылау