АҚШ пен Қытай 2030 жылдары ғарыштық тепе-теңдікке қол жеткізеді
АҚШ пен Қытай 2030 жылдары ғарыштық тепе-теңдікке қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Болжамды Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының ғылыми директоры, академик Лев Зеленый айтты.
"2030-шы жылдардың ортасында немесе соңында Қытай өзінің ғарыш кеңістігіндегі орнын нақтыламақ. Олар қазірдің өзіңде Америка Құрама Штаттарымен бәсекелесе алатын деңгейге жетуде", – деді маман.
Оның айтуынша, космонавтиканың барлық салаларында тараптар арасындағы толық теңдікке бірден қол жеткізу екіталай. Өйткені бір саладағы қарсыласты басып озып, басқа салада одан жеңілуге болады.
"Олимпиадада спорттың әр түрі бойынша жарыстар өтеді. Бірақ ұпай саны жинақталатын командалық классификация бар", – деді академик.
Академик қазіргі уақытта Қытай астронавтика саласында Ресейді басып озғанын айтты.
Талқылау

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
Редакция зерттеуінше, ең көп ақаулар "Qazaq Stroy" құрылыс компаниясынан салынған үйлерден анықталған