Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-пен қарым-қатынасымыз жалғасатынына сенімдімін – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен қарым-қатынасын сақтап қалуға болатынына сенімді. Бірақ келіссөздерді жабық есік жағдайында жалғастыру керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: REUTERS/Carlos Jasso

Владимир Зеленский жексенбі Лондонда еуропалық көшбасшылармен өткен саммиттен кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде Америка Құрама Штаттары Украинаға көмектесуді тоқтатпайтынына сенетінін айтты. Сөзінше, олар "өркениетті әлемнің көшбасшылары" ретінде Ресей президенті Владимир Путинге көмектеспейді.

Дегенмен Зеленский туындауы мүмкін кез келген қиындықтарға дайын екенін айтты.

Владимир Зеленский Лондондағы саммиттен кейін журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

"Қарым-қатынастарды сақтауға келетін болсақ, менің ойымша, біздің қарым-қатынас жалғасады. Мұндай талқылаулар толығымен ашық болғаны дұрыс емес деп ойлаймын... Болған оқиғаның форматы бізге оң ештеңе әкелген жоқ", – деді Зеленский.



Украина президенті АҚШ-пен минералдық шикізат жеткізу туралы ұсынылған келісімге қол қоюға дайын екенін және Америка Құрама Штаттары да бұған дайын болады деп сенетінін айтты.

Зеленский отставкаға кетуі туралы сұраққа "Мені НАТО-ға айырбастауға болады. Мен НАТО-ға мүшелікке айырбастайтынымды айттым, өз миссиямды орындадым" деді.

Бұл ретте Украина президенті оны ауыстыру қиын болатынын қадап айтты.

"Сайлауды жай ғана өткізу жеткіліксіз. Олар мені қатыстырмайтындай керек. Бұл сәл қиынырақ болады. Өйткені олар менімен әлі келіссөздер жүргізуі керек", – деді Украина басшысы.

Лондонда өткен ЕО-ның төтенше саммитінде еуропалық көшбасшылар Зеленский мен Украинаға толық қолдау білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті. 

Талқылау