АҚШ Нигердегі елшілігін эвакуациялады
АҚШ Нигердегі елшілігінің кейбір қызметкерлері мен олардың отбасыларын эвакуациялау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дипломатиялық миссияның сайтында жарияланған мәлімдемеде елшіліктің шектеулі негізде жұмыс жалғастыратыны және Нигердегі америкалық азаматтарға шұғыл көмек көрсете алатыны айтылған. Батыстың басқа мемлекеттері де өз азаматтарын Нигерден эвакуациялауда. 1 және 2 тамызда екі француз рейсі 600-ден астам Франция азаматтарын өз еліне әкетті.
"We have uranium, we have diamonds, we have gold, we have oil, and we live like slaves? Why should we? Until when? We can't accept it. The French base in Niger must leave. We don't need the French to keep us safe"
— Futurical (@Futurical) August 2, 2023
This is a people revolution in #Niger. Africa is breaking free pic.twitter.com/5Ilwqlv2Pb
Айта кетейік, 26 шілдеде Нигерде бір топ әскерилер бүлік шығарып, Мұхамед Базумның президенттіктен шеттетілгенін жариялаған болатын. Ол әйелімен бірге жеке қауіпсіздік қызметкерлерімен өз үйінде ұсталған болатын.
Көтерілісшілер коменданттық сағат жариялап, конституцияның қолданылуын тоқтатты және партиялардың саяси қызметіне тыйым салды. 28 шілдеде олар генерал Абдурахман Циани мемлекет басшысы болғанын хабарлады.
Төңкерістің жүздеген жақтастары Ниамей көшелеріне шықты. Олар Франция мен Батысты айыптап, Ресейді болып жатқан жағдайға араласуға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нигер президентін өз күзетшілері ұстағаны туралы жазған едік.
Tony Blinken, who was raised by the consigliere to a French president, is clearly rankled by Niger’s popular anti colonial revolt, and wants “democracy” restored at the barrel of a US proxy’s gun pic.twitter.com/4qt914w3sd https://t.co/erFfJ68lVV
— Max Blumenthal (@MaxBlumenthal) July 31, 2023