Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигер президентін өз күзетшілері ұстады

Нигер республикасының президенті мен оның әйелін өз күзетшілері ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Базум 26 шілде күні Ниамейдегі жеке резиденциясында өз күзетшілеріне ұсталды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, көтерілісшілер президентті отставкаға кету туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеуде. Бірақ Нигер президенті қол қоюдан бас тартуда.

Орын алған оқиғаға қарамастан қалада тыныштық сақталып, көлік қозғалысына шектеу қойылмаған және интернет қолжетімді.

Президент Базум гвардияның қолбасшысы генерал Омар Тчианиді қызметінен босату туралы мәселені көтергеннен кейін сақшылар бүлік шығарған. Көтеріліске қанша жауынгер қатысқаны әзірге белгісіз.

Кейінірек президент сарайының аумағында атыс болды. Күзетшілер ұсталған Базумды тез арада босатуды талап еткен демонстранттарға оқ жаудырды. Бенин Республикасының президенті Патрис Талон Нигер басшысын босату туралы келіссөз жасау үшін резиденцияға барды.

"Мен аймақ басшыларымен қарқынды консультациялар жүргізіп жатырмын. Біз Батыс Африкада үлкен қиындықпен қол жеткізген демократияны қорғаймыз", - деді Тинубу.

Ел әскері президентке адал болып қалатынын жеткізді. Олар көтерілісшілерге қарсы шығуға дайын екенін айтты.

"Сәрсенбі күні таңертең Президент гвардиясының мүшелері Ұлттық Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның қолдауына ие болу үшін бүлік шығара бастады. Армия мен Ұлттық ұлан президенттік гвардияға қарсы шабуыл жасауға дайын", – делінген кеңсе мәлімдемесінде.

Нигер қарулы күштері "күзетшілерге ультиматум ұсынды", бірақ көтерілісшілер оны қабылдамады. Ультиматумның мазмұны әзірге белгісіз.

Талқылау