АҚШ Қазақстаннан тауар салынған сәлемдемелерді қабылдауды тоқтатты

Фото: qazpost
24 қыркүйекте "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі қазақстандықтарға АҚШ-қа жөнелтілетін сәлемдемелерге қатысты маңызды хабарлама таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазпошта" баспасөз қызметі АҚШ- әзірге Қазақстан тауарларын қабылдамайтынын мәлімдеді.
"АҚШ кеден және шекараны қорғау қызметі 26 тамыздағы шешіміне байланысты Құрама Штаттардағы алушыларға тауарлардықабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылды. Хаттар мен құжаттарды жөнелту әдеттегідей жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.
Шектеуді АҚШ тарапы енгізгені және көптеген елдердің халықаралық пошталарына қатысты екені түсіндірілді.
"Қазір Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек 5-і ғана АҚШ-қа сәлемдеме жібере алады, – деп мәлімдеді "Қазпошта" баспасөз қызметі.
"Қазпошта" қызметін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны атап өтілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген