Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 4 күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды

Ақмола облысында төрт күн бұрын жоғалып кеткен ауыл тұрғыны қамыстың арасынан өлі күйінде табылды.

2411423

Фото: Юрий Жаров

Степной ауылының 1982 жылы туған тұрғын 28 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде.

Оны іздестіруге ТЖД жедел жасағы жұмылдырылып, жергілікті тұрғындар тартылды.  “1 маусым күні таңертең шөп өсіп кеткен арықтан жоғалып кеткен ауыл тұрғынының мүрдесі табылды”, — деп ақпараттандырды департаментте.

Ақмола облысының ІІД агенттікке ер адамның жансыз денесі мәйітханаға жеткізіліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ауыл тұрғынының денесінен зорлық әрекеттері көрінбейді.

Тағы да оқыңыз:

Құмар ойыншы қонақүйге шабуыл жасап 34 адамды мерт қылды

Астанада азан шақыру үшін концертті тоқтатты

101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)

Талқылау