Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының дәрігерлерін жаңа туған нәрестенің өліміне кінәлауда

Ақмола облысы Мәншүк ауылының тұрғыны жаңа туған нәрестесінен айырылып, оның өліміне акушерді  айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Арнаның деректеріне сәйкес, 37 жасар Алтынгүл Тоқтасынның жүктілігі бірқалыпты болған және босану процессі де жақсы өткен. Алайда нәресте шетінеп кетті. Қынжылған әйелдің айтуынша, дәрігерлер өлімінің нақты себептерінен жасыруда деп санайды, өйткені ол жаңа туған сәбиінің жылағанын естіген.

"Егер қиындықтар туындаса, олар төрт сағат бойы неге ота жасамады, күтіп қана отыра берді? Біз осыны түсінбейміз", - дейді жәбірленушінің туысы Сайрангүл Кенже.

Алтынгүлдің өзі қан кеткенін айтады. Сондықтан дәрігерлер кесарь тілігін жасауға мәжбүр болды. Осы сәтте біреу қателік жіберді деп санайды әйел.

"Маған кесарь тілігін жасап жатқанда, балам қозғалып жатты. Мен оны тіпті наркоз жасалағанның өзінде сездім. Оянғаннан кейін баламның дауысын тағы да естідім. Сәбиімнің өліміне гинекологты кінәлаймын", - дейді жәбірленуші.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің өлімі босану кезінде болған. Олар жағдайдың ауыр болғаны соншалықты, тіпті жүкті әйелдің өзі өліп кетуі мүмкін екенін айтты. Ақмола облыстық көпсалалы №2 ауруханасының әкімшілігі өлімнің нақты себебін тексеру жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтты.

"Өкінішке орай, бала өлі болып туылды. Тексеру барысында анасына коронавирусқа сынақ жасалады. Анализдің нәтижесі белгілі болғаннан кейін, осы жағдайды тексеру үшін комиссия құрылады", - деді аурухана бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қажығаппарова.

Алтынгүл Тоқтасынмен болған оқиға көп салалы аурухананы қамтитын облыстық денсаулық сақтау басқармасында да бақылауға алынды.

"Осыған байланысты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасында ішкі тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады. Барлық қорытындылар мәйітті тексергеннен кейін белгілі болады", - деді басқарма басшысының орынбасары Балкия Уаисова.

Департамент мұндай жағдайлар сирек кездесетінін және Ақмола облысында балалар мен аналар өлімінің төмен көрсеткіштерін атап өтті. Тікелей эфир шыққан уақытқа дейін сәбиінен айырылған Алтынгүл Тоқтасын медициналық мекемеге ешқандай шағымдары жоқ екенін хабарлады.
 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2020 09:07
Талқылау