Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Түркия Республикасының кәсіпкерлер тобымен кездесті

Түрік тарапынан әлеуетті инвесторлар қазақстандық серіктестермен бірлесіп, «KOKSHE» сауда-ойын-сауық орталығы, сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй, жайлылығы жоғары тұрғын үй кешендері құрылысының жобасын таныстырды. Сауда-ойын-сауық орталығын бұрынғы радио зауытының аумағында салу жоспарлануда. Жалпы ауданы 20 000 шаршы метрден астам. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Осы жердегі сауда-ойын-сауық орталығының жобасы бірнеше рет талқыланды. Әрине, мемлекеттік бағдарламалар аясында мемлекет жан-жақты қолдау көрсететін болады», - деді Ермек Маржықпаев.

«Active Başaran» директоры Йылмаз Кемаль мырза әлеуметтік тұрғын үй құрылысы жобасымен таныстырды. Әлеуетті инвесторлар Сарыарқа шағын ауданын салуға мүдделі.

Өз кезегінде облыс әкімі құрылыс компанияларының сапа деңгейін атап өтіп, отандық құрылыс материалдарын пайдалану және жергілікті жұмыс күшін тарту қажеттілігін атап өтті.

«Сізге біздің өкілдерімізбен бірге жергілікті жерге барып, одан әрі іс-қимыл алгоритмін талқылауды ұсынамын. Келесі кездесуімізде біз бүгінгі жобаларды жан-жақты талқылайтын боламыз. Осы жобаны іске қосу облыс орталығының экономикасы үшін ұтымды, мультипликативті әсер ететініне сенімдімін», - деп түйіндеді өңір басшысы Ермек Маржықпаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр