Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жаңа "Taxi Alem" такси паркі ашылды

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев "Көкшетау автобус паркi" серiктестiгi ашқан жаңа "Taxi Alem" такси паркiнiң тұсаукесер іс-шарасына қатысып, қала тұрғындары мен ұжымды құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа такси паркiнiң ашылуы жыл артып тұрғындарының саны көбейіп келе жатқан Көкшетау қаласының жолаушы тасымалы мәселесiн шешуге ықпалын тигiзді. Бүгінде облыстағы такси қызметiн жеке меншiк көлiк иелерi атқарады. "Көкшетау автобус паркi" ашқан жаңа такси паркi такси қызметiнiң ауқымын кеңейтiп қана қоймай, бәсекелестiк арқылы қызмет бағасының дұрысталуына да септігін тигiзедi деген үмiт бар.

Маржықпаев такси паркiнiң ашылуына бюджеттен ешқандай қаржы бөлiнбегенiн, тек жаңа бастамаға қолдау көрсетiлгенiн айтты. Сонымен қатар, көлiктер газбен жүреді және қаланың экологиялық тазалығына өз септiгiн тигiзеді.

Жобаны жүзеге асырған серiктестiктiң басшысы Әсия Шәрiмованың айтуынша, "Халық банкiнен" алған несие арқылы Өскемен қаласында құрастырылған "Лада гранта" маркалы 30 жеңiл автокөлiгiн сатып алыпты. Такси паркiне үш жаңа ғимарат салынған. Барлық талаптарға жауап беретiн кешенде такси паркiнiң кеңсесi, көлiк жуу орны мен 100 жеңiл көлiкке арнайы бокс орналасқан. Көлiктерге газ қондырғылары мен "Яндекс" жүйесi орнатылған. Такси паркi қаладағы жылдан жылға өсiп келе жатқан жолаушы тасымалы қызметiне деген сұранысты қанағаттандыруға дайын. Паркте дистпечер мен кезекшi механик тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Жұмысқа тек тәжiрибелi жүргiзушiлер iрiктелiп алынуда.

STAN.KZ
Сенбі, 18 Шілде, 2020 10:45
Талқылау