Ақмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Фото: t.me/Burkit001
Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апат болып, салдарынан екі адам мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, UP-LA-229 жеке аса жеңіл ұшақ апатына қатысты Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
“Екі адам, яғни ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр. Оны анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Өзге ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – деп мәлімдеді департамент.
Еске салайық, 17 тамыз күні Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлаған еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін