Ақмола облысында тағы бір жағажай ашылды
2021 жылдың 1 маусымынан бастап бүкіл Республика бойынша, соның ішінде, Ақмола облысында шомылу маусымы басталды. Шомылу маусымы кезеңінде халықтын өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Ақмола облысы Ерейментау ауданында коммуналдық жағажай өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Аудан әкімдігі мен "Қоржынкөл" көлі қолданушысы Анатолий Рябушев бірлесе, Ерейментау ауданының "Қоржынкөл" көлінде сыйымдылығы жүз адамға жуық тегін коммуналды жағажай ашты.
Аталмыш жағажайдың ұзындығы 200 метр, ені 30 метрді құрайды. Бұнда 8 дана құтқару кеудешелері, "Александров" құтқару жібі, қайық және төтенше жағдайлар департаментімен оқытылған 2 құтқарушы адам кезекшілік жасайды.
"Күн ыстықта қала тұрғындары көлдің жағасына келіп балық аулап, суға шомылғанды ұнатады. Бұнда әр демалыс күндері адамдар көп келеді. Осыған байланысты суға шомылу кезінде ең бастысы қауіпсіздік шараларын сақтау. Біз соны ескеріп, арнайы құтқару жабдықтарымен қамтамассыз етіліп, көлдің аумағында үнемі тәжірбиелі оқытылған құтқарушылар кезекшілік жасайды" - деді "Қоржынкөл" көлі қолданушысы Анатолий Рябушев.
Атап айтсақ, Ерейментау ауданында 60-қа жуық өзен-көлдер мен су қоймалары бар.
Еске сала кетейік, құтқарушылар суда тәртіп ережелерін бұзуға жол бермеуді, өмірге қауіп төңдірмеуді ұсынады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
