Ақмола облысында су мұнарасы құлады
Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.
"Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік жүрді жүрді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет", – деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады