Ақмола облысында полицейлер 100 миллион теңге жымқырған
Ақмола облысында 100 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған полицейлердің соты өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот деректеріне сәйкес Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын сеніп тапсырылған талондарды жымқырған.
“Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген