Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында құрылыс жұмыстарының көлемі артты

Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақмола

2021 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4 миллиард теңгені құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135%-ды құрап, ел рейтингінде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласынан кейін бесінші орынға көтерілді.

Құрылыс басқармасының ақпараты бойынша, тұрғын үй саласындағы жобаларды белсенді іске асырудың арқасында облыста 153,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 48 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 28-і биыл пайдалануға беріледі.

"Облыс орталығында осы жылдың соңына дейін 12 жалға берілетін үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл Ақкөл, Ерейментау, Жақсы, Целиноград аудандарындағы 45 пәтерлі үй, Шортанды ауданындағы 36 пәтерлі үй, Біржан Сал ауданындағы және Қорғалжын ауданындағы 22 пәтерлі үй және Егіндікөл ауданындағы 16 пәтерлі үй халықтың әлеуметтік осал топтары мен кезекте тұрғандарға арналған",- деп хабарлады ведомстводан.

Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша 2021 жылы 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысында "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері". Бүгінде өңір аталған бағдарламаны жүзеге асыруда бесінші орында тұр. Келіп түскен 1814 өтінімнің 12,2 млрд.теңгеден астам сомаға 1333 қарыз мақұлданды және берілді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,0 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй мәселесін ақмолалықтардың 17 мыңнан астам отбасы шешті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр