Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында қандай іс-шаралар өтеді

Қоғам назарын қарт адамдар мен мүгедектердің проблемаларына аудару мақсатында қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазан мен 1 қараша аралығында облыста осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау айлығы өтеді.

Жоспарға зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға, медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға, мәдени демалысты ұйымдастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар енгізілді. Тізбеде отын мен жемге мұқтаждық дәрежесін анықтау үшін жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек адамдарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмысты күшейту, біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру, азық – түлік пакеттерін тарату, аумақты тазарту және үйде паллиативтік көмек көрсету, дәрі-дәрмек жеткізу, мерекелік ашық хаттарды жіберу-үй-үйді аралау ерекше бөлінген; ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдарға көмек көрсету бойынша "диспетчерлік қызмет" жобасы. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде "ашық есік күндері", дәріханаларда жеңілдіктер қарастырылған. Жүз жасқа толған қарттар ерекше атап өтіледі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарованың айтуынша, айлық қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтеді.

"Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау тұрақты негізде жүргізіледі, ал айлық аясында біз әрбір тұрғынды ата-әжелерімізге, қолдау мен көмекке мұқтаж жандарға қамқоршы болуға шақырамыз. Азаматтардың осы санаттарына көмек көрсету үшін біздің облыста ұйымдар мен кәсіпорындардың демеушілік қаражатын тарта отырып, қайырымдылық іс - шараларын ұйымдастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде", - деп атап өтті Алтын Акбарова.

Айта кетейік, облыста 111 мыңға жуық зейнеткер мен 21 мың мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар тұрады. Олардың ішінде 1875-і үйде қызмет көрсетілетін зейнеткерлер мен мүгедектер қатарынан жалғыз тұратын азаматтар.
 

STAN.KZ
Жұма, 02 Қазан, 2020 11:47
Талқылау