Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі бірдей бала суға батып кетті

Ақмола облысының Целиноград ауданы, Қоянды ауылының жанындағы табиғи құдықта қайғылы оқиға болды. Екі бала суға шомылуға жарамсыз жерде суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Екі бала үлкендердің қарауынсыз жалғыз жүзіп жүрген. Куәгерден сағат 13-00-де -112 бірыңғай нөміріне телефонмен хабарлама келіп түсті. Екі бала жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Бір баланың денесін судан куәгерлер шығарып алды, жеке басы анықталуда. Сағат 15.43-те Нұр-Сұлтан ЖКО-ның құтқарушылары 2012 жылы туылған екінші баланың мүрдесін тапты", - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қанат Доспаев.

Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі ыстық күндердегі карантинге қарамастан, аймақта апаттар орын алып, шомылу маусымы басталғаннан бері аймақта 20 адам суға батып кеткен, олардың ішінде алты бала бар.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға түсуге жабдықталмаған орындарда демалмауын сұрады. 

Талқылау