Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақырзаман қашан орнауы мүмкін: АҚШ-та "Қиямет күні сағатының" тілі ауысады

24 қаңтар кешке америкалық ғалымдар адамзаттың ақырзаманға қаншалықты жақындағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

қиямет күні сағаты

Сейсенбіде "Қиямет сағатының" сағат тілі ауыстырылады. Символдық сағат 76 жылда 24 рет ауысқан.

Мұны ғалымдар қырғи-қабақ соғыстың басында ойлап тапқан. Олардың қатарында Альберт Энштейн мен Роберт Оппенгеймер бар. Ғалымдардың идеясына сәйкес, сағат адамзат жойылғанға дейінгі символдық уақытты есептейді. Сағат тілін ауыстыру туралы шешімді жыл сайын ғалымдар алқасы қабылдайды. Оның құрамында 11 Нобель лауреаты бар. Олар саяси және экономикалық күйзелістерді, климаттың өзгеруін, қарулы қақтығыстарды және басқа қауіптерді болжайды.

Қазір "Қиямет күні сағаты" “түн ортасына дейін жүз секунд” деген белгіде қатып қалды. Ол 2020 жылдан бері орнынан қозғалмады. Ғалымдар геосаяси шиеленісті, ядролық қару қаупін, ақпараттық соғыстар мен климаттық дағдарысты ескеріп, сағат тілін ауыстырмақшы. Сағат тілі қандай белгіге қойылады, сағат 15:00-де белгілі болады. Бұл Астана уақыты бойынша 21:00.

“Әзірге біздің жолымыз болды. Бірақ ол стратегия емес және ядролық қақтығыстардан қорғамайды. Бір ғана қателік адамзатқа ядролық қауіп төндіруі мүмкін”, – деді БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш.

Талқылау