Әкімдіктерге карантинге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел тұрғындарының бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек", - деді Е. Тоғжанов.
Осыған орай, премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды:
- еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету;
- жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
- әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
- қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде маскасы бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;
- қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту.
Берілген тапсырмалардың орындалуы үкімет тарапынан тұрақты бақылауға алынады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ