"Әкімдік кінәлі": Атырау облысындағы Құлсары қаласы тасқынның астында қалды
Атырау облысындағы Құлсары қаласын су басты. Өзекке жақын орналасқан бірнеше баспанаға су кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары тасқынның ортасында қалған тұрғындарды таңға жақын үйлерінен алып шыққан. Бұл жағдайға тұрғындар жергілікті әкімдікті кіналап отыр.
Таңғы төртте төрт тұрғын үй судың ортасында қалған. Бала-шағасымен ондаған адамды тізеден су кешіп жүріп, полицейлер оларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазір өзек іргесіндегі түрғындарда қорқыныш пен үрей бар. Өйткені сайдың суы арнасынан асып тұр.
Баспаналары малмандай болған тұрғындар жергілікті әкімдіктің жауапсыздығына ашынып отыр. Бұған дейін дамбыны биіктетуді бірнеше рет сұрағанын айтады. Алайда қалада тасқыннан қорғану басталғанымен аяқсыз қалыпты. Төтенше жағдай қызметкерлерінің сөзінше, қызыл су бөгеттерді бұзып кеткен. Қазір құтқарушылар мен қала тұрғындары жабылып дамбы жасап, өзге үйлердің айналасына топырақ үйіп жатыр.
“Құрсай өзегінің бойында орналасқан дамбылардың жарылуы салдарынан аталған оқиға орын алып отыр. Ендігі уақытта Құрсай өзеніне қосымша дамбыларды қосу жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Құрсай өзегінен бастау алатын Бақашы шлюзі толық жабылды”, – дейді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жантөре Демешев.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
