Әкімдер кабинеті ашық көрінетін болады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әкімдер ашық кабинеттерде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ол әкімдер жұмысының мұндай форматына көшу біртіндеп жүретінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтандағы "Астана-адалдық алаңы" жобасы аясындағы кездесуде "Әкімдер ашық кабинеттерге көше ме?"- деп сұраған журналист сұрағына:
"Біртіндеп жүзеге асады, кейбір ғимараттар кеңес заманында салынған, онда салу мүмкін емес. Егер жаңа ғимарат болса, міндетті түрде ашық кеңсе салынады", - деп жауап берді Шпекбаев.
"Түркістанда жаңа ғимараттар салынды, неге Шукеевте ашық кабинет жоқ?"- деп сұрады журналист.
"Жоқ, облыстық деңгейдегі басшыларға қатысты әзірге қалыс қалайық. Ауданға қатысты Алматыда барлығы қолжетімді, бірінші қабатта үстел басында отыр. Мен Алматы облысында болдым, онда ауыл әкімдері отыр. Біртіндеп, бір күнде мұның бәрін жасау мүмкін емес. Бұл жоспарда, әрине, ашықтық, қолжетімділік, есептілік тұрғысынан мемлекеттік органдарды трансформациялау міндетті", - деді агенттік басшысы.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
