Әкем мен әпкем ерте өмірден озды: Төлеген Мұхамеджанов Семейдегі атом бомбасының әсері туралы айтты
Көпке белгілі сазгер Төлеген Мұхамеджанов бала күнін еске алып Семейдегі атом бомбасының кері әсері туралы айтты. Өмірдегі өкініші мен денсаулығы жайлы баяндады.
Бұл туралы сазгер Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатында айтты.
Төлеген Мұхамеджанов Семей қаласы маңындағы шағын ауылда өмірге келіп, балалық шағы сонда өтті. Сазгер бала күнінде атом жарылысын көзбен көрген. Алайда оның не екенін, зардаптары туралы білмеген.
“Бала күнімде атом жарылысын көзбен көрдім. Бірнәрсе жарқ ете қалатын. Оның не екенін түсінбей жүрдік. Әкем мен әпкем өмірден ерте озды. Әпкем 27 жасында кете барды. Атомның залалын ауыл тұрғындары білген жоқ. Біз бала болдық. Ауыл тұрғындары оны білмейді ғой. Кейін Олжас Сүлейменов бұл мәселені көтергенд ғана түсіне бастадық”, – дейді Мұхамеджанов.
Сазгер атом бомбасының зияны туралы естігенде көзіне жас алып, жылап жібергенін айтады.
- "Алла пәк, ешбіріміз Алланың нығметіне лайық емеспіз": Нұртас Адамбай мұсылмандық сөздердің мәнін түсіндіріп берді
- Досхан Жолжақсыновтың әйелі: Мен оны спектакльдегі ғашығы Райхан Қалиолдинадан қатты қызғандым
“Бала кезімізде көз ауруханасы ашылды. Бәріміз жатып шықты. Сонда бізге эксперимент жасаған екен. Оны кейін білдік қой. Сол кездегі менің қатарластарымның қазір ешбірі жоқ. Мен ең алғаш атомның зияны туралы естігенде жылап жібердім. Осында көңіл-күймен “Замана” атты туындым шықты”, – дейді композитор.
Сазгер бүгінде өз денсаулығына күтіммен қарайды. Үкімет тарапынан кезінде тиген залалды қайтару мақсатында зейнетақыға үстеме қосылған. Алайда оның ешбірі адам өмірін қайтара алмайды.
“Зейнетақымызға үстемеақы қосылды. Бәріне солай төленді. Бірақ ақша келген зиянның орнын толтыра алмайды”, – деді композитор.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
