"Әкем азғындық жасады": Ақмола облысында ер адам жасөспірім қыздың атынан хабарлама таратқан
Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желіде жасөспірім қыздың атынан парақша ашып, әкесінің азғындық жасағаны туралы хабарлама жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарының бірінің 32 жастағы тұрғыны "Одноклассники" әлеуметтік желісінде жалған парақша ашқан. Бұл фактіні 20 желтоқсанда Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру барысында анықтады.
"Облыс тұрғындары "15 жастағы бейтаныс адамның" хабарламаларын еріксіз оқуға мәжбүр болған. Тұрғындар өңірдегі блогерлерден көмек сұраған, ал олар полицияға жүгінген. Криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның қиындыққа ұшыраған қыздың атынан үш әйелге хабарлама жібергенін анықтады. Хабарламада ол туған әкесінің азғындық әрекетін жан-жақты сипаттаған", - деді полицияда.
Жалған парақша авторының жеке басы анықталды. Ер адам жалған парақша арқылы бейтаныс әйелдерге орынсыз хабарламалар жібергенін мойындады. Ал аватардағы қыздың суретін интернеттен жүктеп алған, аты-жөні ойдан шығарылған.
"Аталған факті Зеренді ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК 274 - бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген ПД хабарламасында.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
