Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әке рөліне еніп кетті": Әсел Асқар жаңа күйеуі мен ұлының қарым-қатынасы туралы

Атышулы Әсел Асқар жаңа күйеуі мен ұлының қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір ұлымен тұрмыс құрған Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар жаңа күйеуі мен баласының арасы жақсы екенін жазған. Жақын жандарының ең алғаш кездесуден-ақ бір-бірін жақсы көріп кеткенін баяндаған ол ұлы мен күйеуіне дән риза екенін айтты. Сонымен қатар, атышулы ару күйеуінің балаларды қатты жақсы көретінін айтып мақтанған. 

"Мен ана ретінде қатты уайымдадым. Мен үшін жақын екі адамның танысуы қанша жерден мән бермейін десең де уайымдатады. Мен сіздерге ең маңызды күн туралы айтып бергім келеді. Алғашқы кездесуде босқа уайымдаппын. Бәрі жақсы басталып, керемет аяқталды. Екеуінде үйлесімділік болды. Ашық, мейірімді, қарым-қатынасқа жылдам түседі. Айбектің тәжірибесі болмаса да, әке рөліне еніп кетті. Ол Арыстанмен тез тілтабысты. Басында күйеуім мен үшін барын салып жатыр деп ойладым. Алайда Айбек бұрыннан-ақ кішкентай балаларды жақсы көреді, інілерімен, қарындастарымен жиі қыдырады",- дейді Әсел Асқар. 

Әсел Асқар күйеуінің ұлына деген көзқарасына қатты қуанған. Туғанындай көріп, қамқорлық танытты дейді ол. Күйеуінен қамқорлықты байқаған атышулы ару бізді бақытты ететін адам екенін бірден түсіндім деп ағынан жарылды.

"Таныстықтан бірнеше минуттан кейін менің туғаным мен сүйіктім бір толқында болды. Ана ретінде Айбектің ұлымның қолын сүртіп, ойнайтын нәрселерді бірге таңдап, қол ұстасып жүргенін көрдім. Мен оның бойынан балаға деген сүйіспеншілікті көрдім. Сол кезде Айбек бізге керек адам екенін түсіндім. Мен үшін ұлымды өз болмысында қабылдағаны маңызды. Шыны керек Арыстанға сенімді болатынмын. Алайда оның эмоциясы мен қабылдауы туралы ойлайтын едім", - дейді Әсел Асқар. 

Талқылау