Ақбота-Нұрдың 16 жастағы суретін көрген жұрт оны танымай қалды (фото)
КешYou тобының экс-әншісі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет 16 жастағы суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесінің бойжеткен шақтағы түрін көрген жұрт оны танымай қалды, деп жазады Stan.kz.
Бұл фотода солдан оңға қарай отырған қыздардың үшіншісі – Ақбота. Алайда бір қарағаннан оны тану мүмкін еместей. Көпшілік Сейітмағамбетті танымады, таба алмады. Жас ананың өзі:
“О қайран 16-жас. Боташканы таныдыңыздар ма? Шіркін қиылған қасты, боялған шашты, қырсық мінезді айтсайшы”, – деп сауал жолдады.
Алайда желідегілердің басым бөлігі оны бірден тани қоймағандарын айтуда.
“Ақбота, мүлде ұқсамайсыз”, “16 жастағы қыз деп айтпас едім”, “Ұқсамайсыз ғой, үлкен көрінесіз. Негізі қас адамды үлкен көрсетеді дейді. Қалың болса табиғи көрінеді”, – деп пікір білдірді олар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
Сарапшылар мұнай бағасына қатысты пікір білдірді

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
Желі қолданушылары: "Еңбегін ел дұрыс бағалады ма? Әдеттегідей. Ұмыт қалған”