Ақбота Керімбекова ата-енесімен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты
Теңін тауып, үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова ата-енесімен қарым-қатынасы жайында ашық айтып берді. Айтуынша, ата-енесі оған басынан-ақ жұлдыз деп қарапты.
Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасында әнші үшінші рет тұрмысқа шығуға не итермелегенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Аллаға шүкір, жолдасым өте жақсы, ата-енем, барған жерім өте жақсы кісілер”, – деген Ақбота қайын жұртының Орал өңірінен екенін де сөз етті.
Әнші сәлем салмайтынын ашық мойындады.
“Ол кісілер Орал жақтың кісілері, кішкене орысшалау. Мені о бастан жұлдыз деп қабылдады, әндерімізді сүйіп тыңдап… Кейін осындай жағдай болғаннан кейін ол кісілерге де бір қуаныш болды деп ойлаймын. Боташ Боташ деп еркелетіп, ақылдарын айтып отырады”, – деп бөлісті Ақбота.
Әншінің айтуынша, оны “тұрмысқа шық” деп ешкім үгіттемеген. Ақбота мұндай шешімге ұзақ ойлана келе, саналы түрде барған.
“Мықты болудан да шаршайсың. Еркелеп, өзіңді-өзің тастап жіберіп, әйел болайыншы деген сәттер әрине, кез келген әйелде болады. Тұрмысқа шығуымның бір себебі де сол. Оңай емес. Шүкір Аллаға, үйді салдық. Қиналдым да, жыладым да, сықтадым да… Кімнің жанашыр, кімнің қандай адам екенін адам бір іспен айналысқанда білінеді екен. Сол себептен де болар үйде шайыңды бірге ішіп отыратын адамың ғой. Анда-санда ырылдасып алсаң да, “жаным, күнім” деп алсаң да, қасыңда жүреді. Соның барлығының қорытындысы”, – деп түсіндірді Керімбекова.
Еске сала кетейік, күні кеше Ақбота Керімбекова мен оның жары Рауанның тойы Алматыда дүркіреп өткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Керімбекова: Еріккеннен тұрмысқа шыққан жоқпын
Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды
Мейрамбек Бесбаев қандай бағдарламаның тізгінін ұстады? (видео)
Өзбек емеспін: Сиви Махмұди ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды