Үндістан-Пәкістан қақтығысына байланысты Алматыдан Делиге рейстер тоқтатылды

Фото: Air Astana
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты Air Astana Алматы мен Дели арасындағы рейстерді тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 мамырдан бастап Делиге рейс жабық.
"Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana 8 мамырдан бастап Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейсін тоқтатуға мәжбүр", – деп хабарлады Air Astana.
Үндістанның соққысынан Пәкістанда 26 адам қаза тапты
Әуекомпания жолаушыларға билеттері толық қайтарылады деп сендірді.
"Қазір әуекомпания Қазақстан азаматтары мен Air Astana-ның басқа да жолаушыларын отанына қайтару үшін баламалы маршруттар бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр", – деді әуетасымалдаушы.
Еске салсақ, Пәкістан әскері Үндістан әуе күштерінің зымырандармен соққы жасағанын мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген