Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биологиялық жасы 144-тегі қыз 18 жылдығын тойлап қайтыс болды

Ағылшынның Батыс Суссекс елді мекенінің тұрғыны Ашанти Смит 18 жасында ерте қартаюмен көрінетін сирек кездесетін генетикалық аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап. Қыздың биологиялық жасы 144-те болған.

<Ашанти Хатчинсон – Гилфорд синдромымен дүниеге келді және оны Прогерия деп те атайды. Мұндай аурумен ауыратын адамдар сегіз есе жылдам қартаяды.

Қыз 18 жасқа толғаннан кейін бірнеше аптадан соң отбасы мен достарының ортасында жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. 

Өлер алдында ол анасы Фибиге: "Мама, мен сізді жақсы көремін, бірақ сіз мені жіберуіңіз керек", – деп айтқанын жазады басылым.

"Ашантидің өмірі қуанышқа толы болды. Прогерия оның жүрісіне шектеу болғаннан басқа ешнәрсе істей алған жоқ. Ол кәдімгі 18 жасар қыз болды және мен оны осынысымен жақсы көрдім. Қызым керемет көңілді жүретін әрі ешкімнің көңіліне тигісі келмейтін", – деді қыздың анасы.

Денсаулығына байланысты мәселеге қарамастан, Ашанти кәмелетке толған мейрамын "Жағажайдағы секс" коктейлімен атап өткен.

Талқылау