Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аға буын түк бітірмеді” деп назданған Мархаба Мақпал Жүнісованың қаҺарына ұшырады

Мархаба Сәби соңғы посттарының бірінде, аға буынға өкпе-ренішін білдірген. Әнші бұл жазбасында отандық эстрадада жаңашылдықтың жоқтығын тілге тиек етіпті. Алайда, өнер иесінің бұл пікірі халық әртісі Мақпал Жүнісованың құлағына жеткен...

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. Мархаба желідегі атышулы жазбасында: «Осы біз, алдыңғы ұрпақ өкілдерін керемет деп қабылдап, шын-өтірігі аралас әйтеуір мақтап, пір тұтуға құмармыз. Шындығы сол, түк бітірмей, атақтың, қалтасының қамымен жүре беріпті. Бір жоғары деңгейде ерекше дүние жасайыншы деп бас қатырмапты», - деп жазған. Ал, бұл пікірге Мақпал Жүнісованың өз айтары бар. "Бізге тиіп жатқан шығар ол сөз. Бізді ештеңе жасамады деп ойласа, бізге «Халық әртісін» бекер берген жоқ. Мемлекеттік сыйлықты бекер берген жоқ. Біздің архивті ақтарсын. Қаншама жылда, қаншама ән айтылды. Қаншама гастрөлдік сапарларға бардық", - дейді Мақпал Жүнісова. Халық әртісі, жас әншінің шығармашылығынан азды-кем хабары барын айтады. Бірақ, Мархабаның орындауына деген махаббаты ояна қоймаған. "Мен бір әнін білемін. «Ұнайсың маған, ұнайсың маған...» дегенді қайта-қайта көп береді. Қатты менің жүрегімді тебірентсе, менің оның әндерін тыңдар едім. Ол мені тебіренткен жоқ. Мен оны тыңдамаймын", - деді ашынған Халық әртісі. Өнер өлкесіндегілерге өкпесін айтқан Мархаба, бұл жазбасын «Өтірік, Бәке, Сәке деген көлгірсу сыйластықпен, қай ұшпаққа шығар екенбіз», - деп қорытындылаған. Сондай-ақ отандық эстрадаға «Орда» тобының ғана дүмпу әкелгенін айтыпты. Алайда, жас әншінің шулы жазбасына қаһарланған тек Халық әртісі ғана болмай шықты. "Керемет жұлдыз болса, керемет халықтың көңілінен шығып, керемет қазақ өнеріне жақсы дүниелер қалдырып жатса, біздің қасымызда жүрмей ме, есімізде болмай ма?" - деп пікір білдірді әнші Шахизада. "Үлкен буыннан тәрбие алмаған деп ойлаймын. Мүмкін ұстазсыз ба. Ол мен жеттім, мен толдым, мен болдым деген адам ұзаққа шаппайды деп ойлаймын", - дейді композитор Марат Омаров. Алайда, Мархаба бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тіпті, парақшасындағы постты да өшіріп үлгерген. Алдағы уақытта, жас әнші бұл жазбасының нақты кімдерге бағытталғанын айтып, мардымды жауабын берер деген ойдамыз. Еске сала кетейік, "Жұлдызды жекпе-жек" жобасында Мейрамбек Бесбаев бастаған бір топ өнер дүлдүлдері Мархабаны асыра мақтап, келесі кезеңге өткізген болатын. Мархаба қазылар алқасының шешімі бойынша танымал әнші Мөлдір Әуелбековадан басым түсті. Арман Дүйсенов, Ұлықпан Жолдасов сынды композиторлар Мархабаның өнеріне ғашық екендерін айтса, Сәкен Майғазиев тіпті Мархабаны ысқырықпен ән салатын еліміздегі үш әншінің қатарына қосты. Айта кетейік, Мархабадан бөлек, Сәкен Майғазиевтің тізімінде Димаш Құдайберген мен Жанар Дұғалова болды. Жіберіп алмаңыз: Гүлзира Айдарбекова “Арман” фильмінің жалғасын түсірмек Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото) Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке 1 миллион теңге аударды Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты
Талқылау