Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африканың кедей елдерінде өмір сүретін қыздардың азапты өмірі қандай?

Орталық Африка елдерінің халқы қыздарын ерте жастан тұрмысқа шығарады.  Нәтижесінде мектептегі білімін тәмамдай алмаған қыздар кедейлікте өмір сүріп, зорлық-зомбылыққа душар болады, хеп жазады ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Camfed» қайырымдылық ұйымы Африка елдеріндегі мұндай дәстүрді жойып, қыздар үшін білім алудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдегісі келеді.

Малавия, Замбия, Танзания, Зимбабве және Ганада жұмыс істейтін Camfed өкілдері балалардың ерте жастан үйленуін елдегі кедейліктің салдары мен себебі екенін айтуда.

«Кішкентай қалыңдықтардың көбі ата-анасынан немесе олардың бірінен айырылған. Олардың кәрі ата-әжесі немесе басқа да отбасы мүшелерінің балаларға қамор болып, бағып-қағуға қаржысы жоқ. Сондықтан бұл қиындықтан шығу үшін, қыздарын ерте жастан тұрмысқа шығарады», – дейді Африкадағы Camfed ұйымының директоры Анжелина Муримирва.

Африкада ерте жасынан тұрмыс құрған 125 миллион қыз өмір сүріп жатыр. Ал Орталық Азияда кәмелет жасқа толмаған қыздардың 39%-ы 18 жасқа дейін тұрмыс құрады.

Көптеген отбасы балалардың ерте шаңырақ көтеруі қаржылық қиындықтан құтылуға көмектеседі деп санайды. Алайда бұл қадам жағдайды ушықтыра түседі.

Мемлекеттегі кедей аудандардың тұрғындары көбіне ұл баланы оқытуға тырысып, бар ақшасын ұлдарына жұмсайды. Себебі, олардың болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар және мектепке жалғыз жіберу сондайлық қорқынышты емес.

Ал әйелдер көбіне тапқан ақшасының түгелдей отбасына жұмсайды. Демек жеткілікті түрде білім алған бір қыз бір отбасын кедейліктен құтқара алады. Алайда егер қыз бала тұрмыс құрса, ол мектептегі білімін жалғастыра алмайды.

Ерте жастан тұрмыс құрған қыздардың көбі тұрмыс құрғаннан кейін мектептегі білімін жалғастыра алатынынан үміттенеді. Алайда жүктілігі себепті мектепке бара алмайды. Тіпті әйелдерді үй қызметкері ретінде қамап ұстайтындар да бар.

Орталық Африкада қыздардың 75%-ы бастауыш мектепте білім алады, алайда олардың 8%-ы ғана оқуын тәмамдай алады екен.

Глорияның 12 жасында әкесі қайтыс болған. Анасы 10 баламен жалғыз қалған екен.

Олар Замбияның жұмысқа орналасу мәселесі өте қиын ең кедей ауылдарының бірінде тұрған.

«Мен қатты жыладым. Себебі тұрмыс құру үшін, әлі кішкентай едім. Тіпті тұрмыс құрудың не екенін де түсінбейтінмін. Қатты қорықтым», – дейді Глория.

Глория үйлену тойынан кейін мектепке бара алмаған. Оның орнына күйеуінің үйінде үй шаруасымен айналысып, қосымша жұмыс іздеуге мәжбүр болыпты.

Тұрмыс құрғаннан жарты жылдан кейін Глория бала көтерген. Алайда біраз уақыттан кейін күйеуі қайтыс болады. Оны күеуінің ағасына мәжбүрлі түрде тұрмысқа берген. Глория күйеуінен үнемі жәбір көргеннен кейін, құрсақтағы баласы шетінеп кетіпті.

Бірнеше аптадан кейін Глория жүкті екенін білген. Алайда ай –күні жақындағанда екінші күйеуі де қайтыс болады.

«Мен қалай босану керек екенін білмедім. Толғақ келіп, үйде босанып қалдым. Көршілрер айғайлаған даусымды естіп, көмекке келді», – дейді ол.

Глория білім ала алмағандықтан, елдегі өзге әйелдер сияқты кедейліктен құтыла алмаған.

Camfed желісі бойынша білім алған және Camfed Assоciation қауымдастығының түлектерінің қатарына кіретін қыздар ұйым мұшелеріне Глория туралы айтқан. Олар қиын жағдайда қалған Глорияға көмекке келіпті.

Мұндай қауымдастықты құрған Camfed желісі арқылы алғашқылардың бірі болып білім алған Анжелина Муримирва еді.

«Мен төменгі сыныпта оқып жүргенімде жыртық көйлек киіп, жалаңаяқ жүретінмін. Үнемі қарыным аш болатын. Ата-анам маған мектеп құралдарын алып беру үшін жүгері сатқанда, өзімді кінәлі сезіндім. Қалам алу үшін, мұғалімнің ыдысын жууыма тура келді», – дейді Анжелина.

Анжелина Зимбабведе дүниеге келген. Қыздың емтихкан нәтижесі өте жақсы болғанына қарамастан, оны ата-анасы орта мектепке бере алмапты.

«Мектеп пен киімге қажетті ақша таба алмағандықтан, менің жоғары сыныпта білім алуға ниетім болған жоқ. Алайда анам білім алғанымды қалады», – дейді Анжелина.

Мұнан кейін Анжелина Camfed ұйымы 1993 жылы Зимбабведе ашқан ұйымға алғашқылардың бірі болып кірген. Сол уақыттан бері ұйымда қызмет еткен әйел атқарушы директор қызметіне дейін көтерілген.

Аталған ұйымның басты мақсаты – жағдайы төмен қыз балалардың білім алуына көмектесу. Әзірге бұл қайырымдылық ұйымы 2 миллион қызға мектепте білім алуға көмектесіпті. Ал 2020 жылға дейін тағы миллион қыз баланың мектепке баруына жол ашпақ.

Camfed ұйымы қамқорлыығна алған қыздарды мектепте білім алуға қажетті қаржы, оқулық, мектеп формасы және жеке гигенаға арналған құралдармен қамтамасыз етеді.

«Біз көмекке өте зәру жандарға көмектесуге тырысамыз. Олардың көбі кішкентай қыздар болып отыр. Олардың қорғаны жоқ. Ерте жастан тұрмыс құрып, жүкті болады. Ал білім алу барлық мәселені түбегейлі өзгертеді. Себебі білімді ана өз балаларына да білім бере алады. Мұндай әйелдердің жолы ашық, бағыты айқын», – дейді Анжелина.

Ал 17 жастағы Глория болашақта дәрігер болуды қалайды.

«Мен оқуымды бітіргеннен кейін дәрігер болғым келеді. Ауылымдағы алғашқы дәрігер боламын», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда перзентханада ауысып кеткен балалар өз ата-анасына қайтып бармай қойды (фото)

Әйел ауа орнына от үрлеген феннің кесірінен өртеніп кете жаздады (видео)

Қытайда мұсылмандар лагерьлерге қамалып жатыр

Дронның кесірінен әуе апаты орын ала жаздады (видео)

Талқылау