Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дронның кесірінен әуе апаты орын ала жаздады (видео)

АҚШ-тағы Невада штатында қашықтықтан басқарылатын дрон әуе апатына себеп бола жаздады, деп хабарлайды LasVegasNow телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға Лас-Вегас қаласындағы және Кларк аумағындағы басты коммерциялық әуежай Мак-Карран халықаралық әуежайының төбесіндегі әуе кеңістігінде орын алған.

Белгісіз адамның түсірген видеожазбасынан  дронның ұшу-қону жолағына қонбақ болған ұшаққа тым жақын келгенін байқауға болады. Дрон ұшаққа соғылған жағдайда, апат орын алып, салдары қайғылы болар еді.

АҚШ Азаматтық авиация федералды басқармасы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қалыңдық тойына 10 күн қалғанда у ішіп, экс-жігітіне видео жіберген

Тойда ысырап жасағандарға 400 мың доллар айыппұл салынды

Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды

Ғалымдар нағыз сұлу әйелдердің қандай болатынын анықтады

Талқылау