Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды

Мексикада дәрігерлер әйелдің денесінен 34 келі ісік алған. Ісік іш қуысының 80 пайызын алып, бауыр мен ішек жұмысына кедергі келтірген.

Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

57 жастағы Сонье Лопез Коста-Рика тұрғыны. Ота Мехико қаласында болды.

Әйелге ісік туралы 8 жыл бұрын айтқан. Бірақ ол ота жасаудан баас тартқан.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқаас өзін жақсы сезінеді.

“Мен өзімді бұрын қатты шаршаңқы және ауыр сезінетінмін. Бұрынғы күйім мен қазіргі жағдайымды салыстырсам арасы жер мен көктей. Мен қайтадан дүниеге келгендеймін”, – дейді Сонье Лопез.
“Бұл бізде кездескен ең алғашқы үлкен ісік. Гиннесс рекордтар кітабында тіркелген ісік 30 кг болатын. Ал, бұл 34 кг”, – дейді хирург дәрігер Пабло Сибайа.

Тағы оқыңыз:

Қызықты сауалнама: Шетелдіктер Қазақстанның Туын мүлдем білмейтін болып шықты (видео)

Ғалымдар нағыз сұлу әйелдердің қандай болатынын анықтады

Алло, мен өз балаларымды өлтірдім: Әйелдің қоңырауы полицияны тік тұрғызды (фото)

 

Талқылау