Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда мұсылмандар лагерьлерге қамалып жатыр

Қытайда шамамен 120 мың мұсылман-ұйғырлар  Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қашғар қаласындағы саяси білім беретін лагерьлерге жіберілді, деп хабарлайды Radio Free Asia радиоарнасына сілтеме жасап Stan.kz.

ҚХР-дағы ислам діні негізгі дін  болып табылатын ірі өңірлердің бірінде билік саяси лагерь ашып, он мыңдаған ұйғырды қайта «тәрбиелемек». Ол жерде ұйғырлар төңкеріс әндерін айтып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің идеясын оқып, қытай тілінде сөйлейтін болады. Ал жергілікті тұрғындар ұйғыр тілінде сөйлейді.

Орталық биліктің мұндай әрекеті адам құқығын қорғау ұйымы белсенділері мен жергілікті тұрғындардың арасында өткір талқыға түсті.

«Әр отбасыдан, әр ауладан 3-4 адамнан алып кетеді. Кейбір ауылдарда көшеде ер адамдар мүлдем жоқ. Тек әйелдер мен балалар ғана жүр. Ерлердің бәрін лаегрьлерге алып кетіпті», – дейді бүкіләлемдік ұйғыр конгресс комитетінің өкілі Омер Кенат.

Белсенділердің айтуынша, жергілікті биліктің мұндай әрекеті заңсыз болып табылады. Билік «қауіп төндіруі мүмкін» ұйғырларды тұтқындап, түрмеге тоғытып қана қоймай, барлық жерге бақылау камерасын орнатып, көліктерге мәжбүрлі түрде GPS-құрылғы орнатып, 16-65 жас аралығындағы тұрғындардың ДНҚ үлгісін жинауда.

Көптеген тұрғыны ислам дінін ұстанатын Шыңжаң Ұйғыр әкімшілік ауданы арқылы Пәкістан мен Ауғанстаннан радикалдық көзқарастағы исламшылар Қытайға өтеді екен. Қытай билігінің қолға алған шаралары терроризмге қарсы және Шыңжаң Ұйғыр әкімшілік ауданыныдағы мұсылмандарды бақылауға бағытталған.

Оқи отырыңыз:

Дронның кесірінен әуе апаты орын ала жаздады (видео)

Қалыңдық тойына 10 күн қалғанда у ішіп, экс-жігітіне видео жіберген

Тойда ысырап жасағандарға 400 мың доллар айыппұл салынды

Дәрігерлер әйелдің ішінен 34 келі ісік алды

Талқылау