АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру уақыты аяқталды: адамдардың 64%-ға жуығы қатысты
6 қазандағы АЭС құрылысы бойынша референдум аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы қанша адам дауыс бергені туралы мәлімет берді.

Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының дерегін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың 63,87%-ы бюллетень алды. Яғни дауыс беруі керек болған 12 миллион 244 683-тің 7 миллион 820 мың 918-і дауыс берді.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
- Абай облысы бойынша – 69,57 %
- Ақмола облысы бойынша – 71,63 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %
- Алматы облысы бойынша – 68,71 %
- Атырау облысы бойынша – 63,28%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
- Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
- Жетісу облысы бойынша – 68,01 %
- Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %
- Қостанай облысы бойынша – 73,45 %
- Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %
- Павлодар облысы бойынша – 65,09 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %
- Түркістан облысы бойынша – 75,31%
- Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %
- Астана қаласы бойынша – 50,81 %
- Алматы қаласы бойынша – 25,39 %
- Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық